Алматыда жеке тұрғын үйде алапат өрт болды

24 Наурыз 2024, 07:50
954
Бөлісу:
Алматыда жеке тұрғын үйде алапат өрт болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыдағы Алатау ауданында бір қабатты тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

180 шаршы метр алаңда шатыры жанды. Үйдің жалпы ауданы - 450 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт толығымен жойылды. Өрт орнында ТЖД шамамен жеке құрамнан 55 адам және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы