Алматыда жасыл желектерді шауып, орнына тұрғын үй салғалы жатыр

13 Мамыр 2021, 16:02
2058
Бөлісу:
Алматыда жасыл желектерді шауып, орнына тұрғын үй салғалы жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Бірқатар БАҚ-та Алматыдағы Акушерлік және гинекология ғылыми орталығының жанындағы жасыл желектердің кесілгені туралы ақпарат пайда болды. Осы дерек бойынша Алматының Жасыл экономика басқармасы түсінік берді.

Басқарма ағаштарды кесу бойынша ешқандай рұқсат түспегенін және оны кесуге ешкімге рұқсат бермегендерін айтады.

Жасыл алқаптарды күту мен қорғаудың Типтік ережелері бойынша, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелеріне сәйкес ағаш кесуге рұқсатты жеке тұрғын үй құрылысын, жеке қосалқы нысан салатындардан өзгерлердің барлығы бере алады. Ал аталған жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы нысан салатындарға ережелер жүрмейді, - делінген хабарламада.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының деректері бойынша учаскенің мақсатты бағыты мынадай: халыққа қызмет көрсету нысандары бар көпфункционалды тұрғын кешенін салу. Аталған нысан жекеменшік құқығы негізінде заңды тұлғанікі. Мемлекеттік қызметтер көрсету аясында меншік иесіне халыққа қызмет көрсететін нысандары бар КТК жобалау алдындағы құжаттар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және келісілген эскиз жобасы) берілген.

Тексеру жүргізу үшін іс материалдары келтірілген залалдың ауқымына байланысты кінәлілерді анықтау және қолданыстағы әкімшілік немесе қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін Алматының Полиция департаментіне жіберіледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы