Алматыда жас сарбаздарды әскерге шығарып салды

25 Қазан 2023, 18:38
560
Бөлісу:
Алматыда жас сарбаздарды әскерге шығарып салды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы гарнизонының қалалық жинау пунктінде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы әскери бөліміне шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оларға қолдау көрсетіп, шығарып салуға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскерге алынғандардың туған-туыстары келді. Жинау пунктінде мерекелік концерт өтті, онда Алматы әскери-техникалық мектебінің курсанттары мен Алматы қаласы мәдениет мекемелерінің әртістері өнер көрсетті. Батырхан Шүкеновтің саксофондағы алғашқы жеке альбомынан "Отан ана" әнін 4-ші әскери-техникалық мектеп взводының курсанты халықаралық байқаулардың лауреаты, Soul музыкалық тобының жетекшісі Бейбарыс Мұхамеджан орындады. "Синяя вечность" танымал әнін әскери-техникалық мектептің курсанты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Ерасыл Жұбандықов шырқады. Әскери-техникалық мектеп 2-ші взводының курсанты, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әртісі, домбырашы Рауан Мағауин Құрманғазының "Адай" күйін тартты.

Республика күні әскери-техникалық мектептің курсанттары әскерге шақырылушылар мен ата-аналарға мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады. Жігіттер әскерге жақсы көңіл-күймен барады. Бір жылдан кейін олар шынығып, шымыр болып келетініне сенімдімін. Олар әскери-есептік мамандық меңгеріп, тәжірибе жинақтайды, кәсіп үйреніп, жұмысқа орналасады, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ержан Хамитов.

Күзгі шақыру науқаны қыркүйектің басында басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатынын айта кету керек. Осы күзде әскер қатарына қызмет етуді кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мыңнан аса алматылық мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Өзгелердің жаңалығы