Алматыда жаппай вакцинациялау басталды

3 Сәуір 2021, 11:45
1864
Бөлісу:
Алматыда жаппай вакцинациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сағат 16:30-ға дейін вакцинаны 4 мыңнан астам адам алды. Вакцинация науқаны белсенді жүргізіліп жатыр.

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі уақытта Алматыда 56 егу кабинеті бар, олардың 16-сы жеке меншік. Біз коронавирусқа қарсы вакцинацияны алғысы келетіндердің барлығын қарсы аламыз. Сәуір айында 250 егу пунктін ашу жоспарлануда. Соның ішінде ірі сауда нысандарында, - деді Лаура Мырзағали.

Ол Алматының 30-дан астам сауда орталықтарында коронавирустан екпе салдыруға болатынын хабарлады.
Ол, вакцинация салдырғысы келген кез келген адамның екпе ала алатынын айтты. Оның үстіне, 1 сәуір күні қалаға 21 860 доза жеткізілді (бұл төртінші транш).

Қазіргі уақытта біз Алматы қаласында вакцинация жоспарын әзірледік, бүгін ол әкіммен келісілетін болады. Әзірше біз барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтап жатырмыз, вакцинациялаудың уақытша пункттерінің орындарын пысықтап жатырмыз, сондай-ақ осы учаскелерде кезекшілікті кім атқаратынын анықтаймыз, - деп хабарлады Мырзағали.

Сонымен бірге, қазір қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлеріне Алматының медициналық колледждерінің түлектері көмектесетін болады. Сондықтан егу пункттерінде «мамандар жетіспеушілігі» болады деп алаңдауға негіз жоқ.

Егу кабинеттері мектептерде, базарларда, сондай-ақ СОО-да ашылады. Алдын ала тізім жасалды: Алатау ауданында «Ақ Орда» СОО, Әуезов ауданында «Спутник», «Гранд Парк», «Мәскеу», «Азия Парк», «Алматы» СОО, Бостандық ауданында «Мега центр Алматы», «АДК» , «Есентай Молл», «Атакент молл», «Алматы» СОО, Жетісу ауданында «Мерей», «Максима», «Адем» СОО, Медеу ауданында «Достық Плаза» СОО, ГУМ, Түрксіб ауданында «МАРТ» СОО.

Бұдан басқа, Алматы базарларының аумағында: Өжет, Ақ бұлақ, Кенжехан, Тастақ, Орбита, Олжа, Байсат, Түрксіб және басқа орындарда пункттерді ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинаның бірінші компоненті 100% игерілді, барлығы 15 750 доза пайдаланылды. Спутник-V екінші компонентімен вакцинация (ревакцинация) 15 сәуірге дейін жалғасады. Алматы ҚДСБ сәуірден маусымға дейін қалаға вакцинаның қосымша 750 мың дозасы – ай сайын 250 мың дозадан алады деп болжауда.

Қорытындылай келе, Лаура Мырзағали жаппай вакцинациялау кезінде дүрлігудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Емханалардың өкілдері қала тұрғындарын

Өзгелердің жаңалығы