Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

20 Мамыр 2022, 08:45
1155
Бөлісу:
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыда болған жол апатының кадрлары тарап жатыр.

Апатқа ұшыраған көліктен зардап шеккендерді алып шығу үшін Алматы қаласының құтқару қызметі арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болған.

Видеода құтқарушылардың адамдарды көліктен қалай шығаруға тырысқанын байқауға болады.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем келіп, патрульдік полицейлер де жол қозғалысын реттеуге тырысуда.

Оқиға орнында екі бағытта да үлкен кептеліс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, тағы үш жолаушы мен жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы