Алматыдағы 25 денсаулық сақтау нысанына мониторинг жүргізілді – әкімдік

22 Қаңтар 2020, 08:09
1733
Бөлісу:
Алматыдағы 25 денсаулық сақтау нысанына мониторинг жүргізілді – әкімдік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасай бастады. Осы ретте Алматы қаласы бойынша медициналық қызметті көрсететін 25 денсаулық сақтау нысанына тексеріс жүргізілді.

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында хабарлады.

Біздің басты міндетіміз – тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету. Туындаған сұрақтарға жедел назар аудару және "тез" шешім қабылдау үшін барлық медицина ұйымдары бойынша арнайы кесте жасалды. Ағымдағы жылдың басынан бері қарай Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Денсаулық сақтау министрлігінің мониторинг жүргізетін тобымен бірге қаланың 25 денсаулық сақтау нысанын аралап шықты. Бүгінде олардың бірқатар түйіткілді мәселесі өз шешімін тапты, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Мониторинг нәтижесі бойынша жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылған медицина ұйымдары МӘМС бизнес-процесстері бойынша үздік практика орталықтары деп №5 қалалық клиникалық аурухана, №2 босанатын үй, №17, 36 қалалық емханалар танылды. Аталған орталықтардың тәжірибелері өзге медицина ұйымдарына таратылуда.


Өзгелердің жаңалығы