Алматыда ҰОК олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті

13 Қыркүйек 2023, 14:35
1028
Бөлісу:
Алматыда ҰОК олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті
Фото: автордан

Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты шара аясында 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді.

Өткеніміз бен бүгінімізге көз тастасақ, 30 жылда спорт саласында көптеген табыстарға жеттік. Қысқы және жазғы спорт түрлері қарқынды дамыды. Еліміздің әр өңірлерінде спорт үйірмелері ашылды, салауатты өмір салтына қызығатын жастардың қатары артты. Қазіргі уақытта веложарысқа қызығатын жастарды даярлап жатырмыз. Біразы әлемдік додаларда жеңіске де жетті. Соңғы екі жылда «Astana Qazaqstan Team» командасының маусымы өте нашар болды. Көптеген жарақаттар мен құлаулар болды. Бұл біздің тарихымыздағы ең ауыр жылдар болды. Дегенмен, бұған қарамастан, жеңіске жетуге тырыстық. Коммандалық есепте жеңіске жетуге бар күшімізді салдық. Жақында Францияда өткен Ironman бойынша әлем чемпионы атандық. Бұл да біздің командаға бір серпін берді, – дейді велошабандоз Александр Винокуров. 

Алматыда ҰОК олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылы 3 ақпанда құрылды. 1992 жылы ҚР ҰОК ресми тіркеліп, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің расталуына ие болды.

Алматыда ҰОК олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті қысқы және жазғы спорт ойындарын біріктіреді. Комитет еліміздегі спорттың дамуына елеулі үлес қосып келе жатыр. Қысқы спорт түрлері өзге елдерге қарағанда жақсы дамып келе жатыр. 40-тан астам лицензияны ұтып алдық. Спортшыларымыз да байрақты бәсекелерде өз шеберліктерін көрсетіп жүр. Шорт-тректен білікті командамыз бар. Кёрлинг спорты қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ еліміздің әр өңірнен шыққан өрендеріміз байрақты бәсекеде бой көрсетіп жүр. Көк Туымызды көкке желбіретіп жүрген жастарымыздың саны артып келе жатқанын айта кету қажет, – дейді ҚР ҰОК спорттық іс-шараларды өткізу қызметінің басшысы Мақсұт Ибраев.

Алматыда ҰОК олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті
Өзгелердің жаңалығы