Алматыда жоспарлы сынақ кезінде AlmaU университетінің жанында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“Алматы жылу жүйесі” мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатқан жоспарлы гидравликалық сынақ кезінде сағат 4:35 шамасында Хусаинов көшесіндегі магистралды құбыр желісі жарылған.
Диаметрі 500 мм болатын құбырдағы ақауды жедел түрде апаттық бригада оқшаулады. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыстың себебі — 1987 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуы. Сынақ кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанымен, төтенше жағдайлар болуы мүмкін, — деп хабарлады “Алматы жылу жүйесі”.
Компания азаматтардан мұндай жағдайда өз бетінше әрекет етпей, оқиға орнынан дереу кетіп, "Алматы жылу жүйесіне" хабар беруді сұрады.