Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді

20 Қазан 2023, 16:10
707
Бөлісу:
Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді
PHOTO
Фото: Almaty Tourism Bureau

Жоғары сапалы цифрлы көшірмелердің арқасында үйден шықпай-ақ туризм нысандарына аралауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Себебі Almaty Tourism Bureau қаланың басты көрікті нысандары бойынша тегін виртуалды 3D-турларды іске қосы. Виртуалды тур Алматыны халықаралық деңгейдегі туристік аймақ ретінде танытуды көздейді.

Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді

Біз интерактивті экскурсия жасағымыз келді, сондықтан компьютер тінтуірінің көмегімен сіз толық шолу жасай аласыз. Көрермен үйден шықпай-ақ кез келген нысан бойынша барынша ақпарат ала алады. Мысалы, тінтіуірді Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының сахнасына апарып, онда бұрын қандай қойылымдар болғанын білуге болады. Мұндай виртуалды турлар тек ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар экскурсиялық-туристік нысандармен толық танысуға мүмкіндік береді, – дейді Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұкпанова.

Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді

Бүгінде төрт 3D тур құрылды, оларды VisitAlmaty.kz. сайтынан табуға болады. Қолжетімді турлардың ішінде Д.А. Қонаев мемориалдық пәтер-музейі, қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтің әдеби-мемориалдық үй-музейі , сондай-ақ Абай ҚазҰОБТ және Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бар.

Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді

Виртуалды саяхатты бастау үшін тек бір қадам жасау жеткілікті – кіре беріс есікті басып, ғимараттың ішіне кіресіз. Тінтуірді жылжыту арқылы жан-жаққа қарап, әр бөлігін зерттей отырып, дәліздер арқылы алға жылжи аласыз. Әрбір орынның атмосферасына толық ену үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді аудиогидті қосуға болады.

Алматыда тегін виртуалды 3D-турлар әзірленді

Осы жылдың қараша айында туристерге Алматының тағы 9 нысаны бойынша, оның ішінде Орталық мемлекеттік музейі, Республика Сарайы, Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар музейі, Алматы метрополитені, Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Орталық мешіт, Алматы Вознесенск кафедралды соборы және Байкен мешіті бойынша виртуалды саяхат қолжетімді болмақ.

Өзгелердің жаңалығы