Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

13 Желтоқсан 2023, 18:50
581
Бөлісу:
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда:

- 13 желтоқсан күні сағат 11.00-де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында «Бостандық ауданы әкімінің кубогы» үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.

- Бұл күні сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла ш.а 347/4) зиялы қауым өкілдері мен желтоқсаншылардың қатысуымен «Елімнің бақытын тербеген - Тәуелсіздік!» атты дөңгелек үстел өтеді.

- 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады. Дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

- Сағат 15:00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.

- Сағат 15:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

- Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

- 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.

- 18 желтоқсан күні сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны өтеді.

Өзгелердің жаңалығы