Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус анықталған

1 Сәуір 2021, 13:00
2302
Бөлісу:
Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус анықталған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты. 

Қазір бірінші курс студенттері мен үйде оқуға жағдайы жоқ кейбір студент оқу орнының жатақханасында тұрып жатыр. Санитарлық жағдайларды қанша сақтағанымен, қаладағы жатақханалардың бірінде вирус анықталды. Студенттер ПТР тесттен өткенде олардан оң нәтиже анықталды. Ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Вирус анықталған адаммен қарым-қатынас жасағандар анықталып, барлығы бақылауға алынды, - дейді Әсел Қалықова. 

Оның айтуынша, жатақхананың үш студентінен коронавирус анықталған, олар бір бөлмеде тұрмаған. 

Қазір қалада вирустың мутацияға ұшыраған британиялық және оңтүстікафрикалық штаммдарының белгілері анықталуда. Оның қауіптілігі сол, ол бұрынғыдан екі есе тез тарайды. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет, - деді ол. 

Бұған дейін Әсел Қалықова қалада вирусты негізінен кімдер жұқтырып жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы