Грецияның инспекциялық тобы Албания мен Бельгия өкілдерінің қатысуымен сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасын бағалау үшін барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының басшылығы және Қарулы күштер Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма өкілдері шетелдік мамандарға брифинг ұйымдастырды.
![Алматыда шетелдік сарапшылар Вена құжаты аясында әскери бөлімге «баға» берді](/userfiles/images/d5e8e94aab7cce53eb48b91d2ee62693_1280x720.jpg)
Инспекторларға қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерімен, сондай-ақ бригаданың инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік берілді.
![Алматыда шетелдік сарапшылар Вена құжаты аясында әскери бөлімге «баға» берді](/userfiles/images/f0006952eb3329d4c102f485b082175e_1280x720(1).jpg)
Вена құжаты аясында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын «бағалауға бару» кезінде тексерілетін әскери ақпаратпен алмасуы тиіс. Инспекциялық топ Қазақстанның 2011 жылғы Вена құжаты бойынша міндеттемелердің ашықтығы мен сақталуын растады.
![Алматыда шетелдік сарапшылар Вена құжаты аясында әскери бөлімге «баға» берді](/userfiles/images/97c5d95490f5bde919b4de28013d9a5f_1280x720.jpg)
Бригаданы «бағалау» қорытындысы бойынша инспекциялық топ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының ілеспе тобына және 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының басшылығына ризашылығын білдіріп, ҚР Қарулы күштері өкілдерінің инспекцияны қамтамасыз ету деңгейі жоғары деп атап өтті