Алматы қаласының әкімдігі қалада Республика күніне орай өтетін мерекелік және ресми іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 қазан, 11.00. Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция. ҚБТУ, әл-Фараби атындағы зал.
22 қазан, 12.00. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттарды салтанатты түрде тапсыру, ҚБТУ.
22 қазан, 17.00. Салтанатты концерт. Республика сарайы.
23 қазан, 7.00-13.00. Charity Music Nur жаппай қайырымдылық жарысы. Жарыс Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Қатысушылардың жоспарланған саны – 1 700-2 000 адам. Қатысушылардың сағат 6.00-де жиналуы қажет. Жарыс келесі қашықтықтарда өткізіледі:
- балалар жарысы (2 км – 7-14 жас);
- скандинавиялық серуендеу (10,5 км);
- 10,5 км және 21 км жүгіру.
25 қазан, 10.00. «Ұлттық дала ойындары» республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі. Омаров көшесі, 10а мекенжайдағы Алматы ипподромы.
25 қазан, 11.00. «Патриотизм дауысы» акциясы аясында мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеру және Әнұран орындау. «Медеу» биік тау кешенінің алдындағы алаң.
Осы уақытта қаланың барлық аудандарында (Almaty Arena мұз сарайының аумағы, ҚБТУ ғимаратының алды, Алматы көпсалалы колледжі ғимаратының алды, MEGA Almaty – Розыбакиев, «Гүлдер» саябағы, Ғылым ордасы ғимаратының алдындағы алаң, Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының алды, Сауранбаев көшесіндегі Арбат) мемлекеттік Әнұран жаппай орындалады. Әнұранды орындағаннан кейін ЖОО, колледж және әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» флешмобы өтеді.
25 қазан, 17.00. «Астана» алаңында Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Концерттен кейін мерекелік салют болады.