Алматыда қызылшаға қарсы вакцинаны 30 мыңнан астам адам алды

12 Желтоқсан 2023, 17:53
576
Бөлісу:
Алматыда қызылшаға қарсы вакцинаны 30 мыңнан астам адам алды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

10 қараша мен 11 желтоқсан аралығында қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 30 233 адам қамтылды. Оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 5584 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 9538, басқа жастағы балалар – 9550, медицина қызметкерлері – 5561. Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар,- дейді Әсел Қалықова

Айта кетейік, бұған дейін "қызылшаның өршуіне байланысты мектептер мен ЖОО-ларда карантин бола ма?" деген сұраққа министрлер жауап берген еді.

Өзгелердің жаңалығы