Қызылшаның өршуі. Мектеп пен ЖОО-лар карантинге жабылуы мүмкін бе?

5 Желтоқсан 2023, 11:59
30579
Бөлісу:
Қызылшаның өршуі. Мектеп пен ЖОО-лар карантинге жабылуы мүмкін бе?
Фото: Мұхтар Холдорбеков - архив

Қызылшаның өршуіне байланысты мектептер мен ЖОО-ларда карантин бола ма? Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министрлер жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрі мен Ғылым және жоғары білім министріне «елімізде қызылшаның өршуіне байланысты мектептер мен университтерде карантин жариялана ма?» деп сұрақ қойды.

Бүкіл білім беру ұйымы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында. Осыған байланысты министрлік жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге қатысты шешім қабылдамады. Біз осы ведомствомен және жергілікті атқарушы билікпен байланыстамыз, - деп жауап берді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер арасында да тұмаудың өршіп тұрғанын айтады.

ЖРВИ (ОРВИ) өршіп тұр. Бірақ қызылша жұқтырғандардың саны аз. Қазір Қазақстандағы университеттердің шамамен 80%-да 8 мың студент медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Бірақ олардың 200-300-і ғана қызылша жұқтырды деген күдік бар. Министрліктің пікірінше, эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Біз Денсаулық сақтау министрлігі және еліміздің бас санитар дәрігерімен тікелей байланыстамыз. Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, (карантин жариялауға – автор) себеп жоқ. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп отырмыз. Университеттердің басшылығы мен ректорлары Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті денсаулық басқармаларымен байланыста, - деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы