Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкен өртенді

28 Шілде 2023, 07:36
510
Бөлісу:
Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкен өртенді
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкенде өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін сағат 16:16 шамасында өрт сөндіру бригадасы Түрксіб ауданы «Қайрат» ықшамауданы, Түркістан көшесі 27 мекенжайына жоғары ранг бойынша шақыртуға шықты.

Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкен аумағының 150 шаршы метр жері ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қабылданған шаралар арқасында 16:33-те өртті ауыздықталып, 16:42-де толық өшірілді, – деп хабарлады департаменттен.

Өзгелердің жаңалығы