Алматыда қосымша автобустар іске қосылады

25 Сәуір 2023, 09:46
538
Бөлісу:
Алматыда қосымша автобустар іске қосылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Христиандық еске алу күніне» орай уақытша 2023 жылдың 25 сәуірінде қосымша автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін алматылықтар үшін қызмет көрсетеді. 

№88 маршрут «Қонаев көшесі-Батыс зират» қосымша автобустармен күшейтіледі, жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы. 

Сонымен қатар «Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират» және «Алматы - 1 теміржол көпірі – төменгі Пятилетка зираты» қосымша бағыттары қатынайтын болады. Сондай-ақ, зират маңынан өтетін №7, 13, 30, 31, 40, 50, 56, 57, 63, 69, 72, 74, 77, 80, 100 маршруттар толық құрамда жолға шығарылатын болады,, - деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы