Алматыда қосқабатты супермаркет өртенді

Алматыда қосқабатты супермаркет өртенді
898

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қосқабатты супермаркет өртеніп кетті. Өртті сөндіруге бір жарым сағат уақыт кетті деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт бүгін сағат 10:32 шамасында Түрксіб ауданында орын алған. Өрт сөндіру көлігі хабар түскен соң жеті минутта келіп жетті. Ол уақытта екінші қабаттың төбесі жанып жатқан. Бірден газ-түтін қорғаныс қызметі ғимаратта адамдардың бар-жоғын тексеріп, өрт бағаналарын қойды. 50-ден астам қызметкер мен 15 бірлік техника, соның ішінде 2 АЛ-32 өрт автобаспалдақтары жұмылдырылды. Өрт 28 минутта ауыздықталды, 11:22-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деді мегаполистің ТЖД. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы