Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы тойланды

5 Наурыз 2024, 12:50
1274
Бөлісу:
Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы тойланды
Фото: автордан

Мерекелік іс-шара Ұлттық кітапхана қабырғасында өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ руханиятының алтын діңгегіне айналған республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толуына орай «Ұлттың әдебиет айнасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға қазақ зиялылары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, газеттің бұрынғы және бүгінгі қызметкерлері қатысты.

Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы тойланды

Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қабырғасында «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кітапханының алтын қорында сақтауда тұрған газеттің 1934 жылы шыққан ең алғашқы сандарынан бастап, бүгінгі дейінгі нөмерлері кезең-кезеңмен көрсетілді.

«Қазақ әдебиеті» 90 жылдан бері қазақ зиялыларының көзі, құлағы, тілі болып келе жатыр. Бұл газет ешқашан өз айтарынан жаңылған емес. Сондықтан басылымның мерейтойына Президентіміз де қуанып, құттықтауын білдіріп жатыр. Ол кездегі «8 март» көшесінде екі қатарлы ағаш үйде  осы газеттің алғашқы саны шығуға дайындалған екен. Сол күннен бастап бұл жер «Қазақ әдебиетінің» бірінші штабына айналды. 3-4 айдан кейін басылымның бірінші съезді болып, Ілияс Жансүгіров төраға болып сайланды. Содан бері «Қазақ әдебиеті» халықтың жақсы көретін басылым ретінде жұмыс істеп келеді. Қазақ деген еліміз бар да, қазақтың оқырманы бар да, «Қазақ әдебиеті» мәңгілік, – деді Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы тойланды
Өзгелердің жаңалығы