Алматыда Мохнатка тауының баурайы өртенді

22 Сәуір 2020, 20:12
1534
Бөлісу:
Алматыда Мохнатка тауының баурайы өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мохнатка тауының баурайы өртке оранып, жалын 0,5 гектар жерге жайылды. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

22 сәуірде сағат 17:15 минутта  Медеу ауданындағы Мохнатка тауының Керей мен Жәнібек Хан көшесі бойындағы бөлігі өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Күштер мен құрылымдар табиғи өртке қарсы тұруға алдын-ала дайындалған жоспарға сәйкес,  шақыртудың жоғары деңгейі бойынша  жіберілді. Табиғи өртті сөндіруге  ТЖД шоғырландырылған жедел-құтқару жасағынан  24 адам, 5 бірлік техника, Іле-Алатауы МҰТП-нан  15 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.  Өртті сөндіру үшін «Ермак» рюкзакты өрт сөндіру және траншея құралдары (жарылғыштар мен күректер) пайдаланылды, - делінген хабарламада. 

Желді ауа-райына қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында 0,5 гектар аумақты қамтыған өрт сағат 18. 03 минутта толықтай  жойылған. Казіргі уақытта құрғақ ағаштардың шоғы қалғандықтан ТЖД күші мен құралдары түнгі күзетке қалдырған.
Өзгелердің жаңалығы