Алматыда мейрамханалар мен дәмханаларға жаңа талап қойылады

28 Қыркүйек 2026, 14:46
АВТОР
 pixabay.com 28 Қыркүйек 2026, 14:46
28 Қыркүйек 2026, 14:46
133
Фото: pixabay.com

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары май ұстағыш құрылғыларды уақтылы тазалап, дұрыс пайдалануға міндеттеледі. Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорнының қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Тәкібаев Жандос Маратұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қаладағы кәріз жүйесіне түсетін жүктемені азайту мақсатында өндірістік ағын суларға қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр.

Қоғамдық тамақтану нысандары, яғни барлық мейрамхана мен дәмхана май ұстағыштарды дұрыс пайдаланып, оларды уақытылы тазалауды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар орталық кәріз жүйесіне төгілетін өндірістік ағын суларға қойылатын талаптар мен жергілікті тазарту құрылыстарын пайдалану талаптары да күшейтіліп жатыр, – деді Тәкібаев.

Сондай-ақ жыл басынан бері Алматыдағы 300 автожуу орны алғаш рет айналымдық немесе қайта пайдаланылатын сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған.

Маманның сөзінше, қабылданып жатқан шаралардың барлығы қалалық кәріз жүйесіне түсетін салмақты төмендетуге және ағын суларды тазарту сапасын арттыруға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда су мен кәріз қызметі қымбаттайтынын хабарлаған едік. 

Наверх