Алматыда «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж оқушыларға 123 млн теңгеге көмек көрсетілді

31 Тамыз 2021, 15:31
7188
Бөлісу:
Алматыда «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж оқушыларға 123 млн теңгеге көмек көрсетілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Эпидемиологиялық жағдайдың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акциясын өткізу atamekenim.kz платформасы арқылы жыл бойы жалғасады, онда көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алады.
Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте айтты.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан, оның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Қ.Жұманов эпидемиологиялық жағдайдың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акциясын өткізу «www.atamekenim.kz» платформасы арқылы жыл бойы жалғасатынын жеткізді.

Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істейді және оның ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жаңа тәсіл арқылы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді. Ақпарат барлық ата-аналарға түрлі мессенджерлер арқылы жеткізілді, сондай-ақ сайттар мен әлеуметтік желілерде орналастырылды,-деді ол.

Сонымен қатар ол көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатынын айтты.

Қаланың білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, меценаттарды, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деді Жұманов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 23 мыңнан астам оқушыға 800 млн теңгеден астам бюджет қаражатынан көмек көрсетілген.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліпті. Оның ішінде: 1 297 бірінші сынып оқушыларына 32 млн 583 мың теңгеге мектеп формасы сатып алынса, 2 721 бірінші сынып оқушыларына 19 млн 110 мың теңге сомасына рюкзактар мен мектеп керек-жарақтары сатып алынған. Ал, 2-ден 11-сыныпқа дейінгі 6 278 оқушыға 71 млн 706 мың теңгеге киім және оқу-жазу құралдары сатып алынды.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.

Өзгелердің жаңалығы