Алматыда лудоманияға қарсы күрес күшеймек

18 Қазан 2023, 12:49
947
Бөлісу:
Алматыда лудоманияға қарсы күрес күшеймек
Фото: автордан

Алматыда құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу стратегиясы талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстел жұмысына діни қызметкер мен сарапшылар, лудомания дертін оңалтуға бағытталған ұйымдардың мүшелері қатысты. 

Бүгінде ең өзекті мәселенің бірі – лудомания. Өткен жолы ІІМ құмар ойындарына қызығатындар 2022 жылмен салыстырғанда 40%-ға артқанын, бір жылдың ішінде құмар ойындарының табысы 100 мрд теңге болғанын атап өтті. 

Бұл дегеніміз мәдени, әдеби шаралардан түсетін табыстан 60-70 %-ға артық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды. 

Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс, – деді Президент өз сөзінде. Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді. Осы ретте жастар арасында құмар ойындарына қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осы мақсатта түрлі іс-шараларды қолға аламыз деген сенімдемін, – дейді Алматы қаласы дін істер жөніндегі басқармасының басшысы Нурлан Қиқымов.

Жиынға қатысушылар құмар ойындарын жарнамалап жүрген белгілі тұлғар мен БАҚ өкілдерін де  бұл істен аулақ болуға шақырды. Жарнамаға еріп, құмар ойынының қызығына кірген жастардың арасында отбасыларын ойран қылғандардың көбейгенін атап өтті. 

Қоғамда жастарымыздың басын байлаған лудомания мен ескірткіге тәуелділік бір деңгейде болып отыр. Құмар ойындарына жарнамалар қадам бассаң, алдыңнан шыға келеді. Мәселен, аэропорттан қалаға кіргенге дейін 20 шақты жарнаманы көзіңіз шалады. Радионы қоссаңыз да, сол жерде сайрайды, кейбір сайттарда құмар ойындарының жарнамасынан жаңалықты көре алмайсыз. Белгілі спортшылар да солардың сойылын соғып жүр. Бұл жарнамаларды көре берген соң, көз үйренеді, музыкасының өзін балалар жаттап алған. Біздің кезімізде құмар ойындарына кірудің жолын, қалай ойнау керектігін білмейтінбіз. Ал қазір кез келген жерден көресіз. Сол секілді нашақорлардың да жарнамасы үйлердің қабырғаларына жазыла бастаған. Бұлай кете берсе, нашаны жарнамалау ашық жүргізілуі мүмкін. Лудомания алғашында үйден ақшаны ұрлап, кредит алып, көлік пен үйді сатып, соңында өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқталады. Сол себептен бұның қаншалық қауіпті екенін сезініп, балаларыңызды құмар ойындары мен нашақорлықтан аулақ болуына назар аударыңыздар, – дейді "Хақ Назар" қорының төрағасы Нуржан Жақупов

Өзгелердің жаңалығы