Алматыда құлаған ұшақ қызмет көрсетуге жарамды болған

9 Қаңтар 2020, 19:30
3318
Бөлісу:
Алматыда құлаған ұшақ қызмет көрсетуге жарамды болған

Алматы, BAQ.KZ. Bek Air әуекомпаниясы АҚШ пен Еуроодақ авиациялық комиссиясының 2010 мен 2018 жылдары Fokker-100 ұшағына берген сертификатын жариялады. 

Bek Air әуекомпаниясының ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, бұл сертификаттар  Fokker-100 әуе кемесінің ұшу нормаларын қамтамасыз ететінін растайды және АҚШ пен Еуроодақ авиациялық билігі соған орай осы құжаттарды берген. 

Fokker-100 әуе кемесіне берілген бұл сертификаттар әлемнің барлық елінде жарамды деп танылған, оның ішінде Қазақстан Республикасында, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Bek Air әуекомпаниясы тергеу жұмыстарының ашық өтуіне дайын екенін әрі қолда бар барлық мәліметпен бөлісуге дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.

Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшғы апатқа ұшырып, 12 адам қаза тауып,  50 жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

Өзгелердің жаңалығы