Алматыда «Көш. Наурыз – думан» театрландырылған керуен жүріп өтті

21 Наурыз 2024, 16:34
36
Бөлісу:
Алматыда «Көш. Наурыз – думан» театрландырылған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Наурыз мейрамын тойлау жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі Ынтымақ күні қала көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» атты театрландырылған керуен өтті. Оған ұлттық киім киген 1000-нан астам адам қатысты.

Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуенге ажарын аша түсті. Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, қазақ халқының жеті қазына нышандары ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды.

Керуен Абай атындағы алаңда басталып, Астана алаңында мәреге жетті, онда бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1000-нан астам артистердің қатысуымен негізгі мерекелік концерт өтеді.

Өзгелердің жаңалығы