Алматыда колониядан екі жасөспірім қашып кеткен

24 Маусым 2025, 13:48
2107
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыдағы кәмелетке толмағандарға арналған колониядан екі жасөспірім қашып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желіде тараған ақпараттарға сәйкес, қашқындардың біреуі бірден ұсталған, ал екіншісі іздеу жұмыстарынан кейін қолға түскен.

Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мекемеде қашу әрекетінің жолы кесілді. Сотталушы жедел түрде ұсталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті BAQ.KZ тілшісіне берген жауабында.

Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы