Алматыда көлік жүргізуші аялдамада тұрған қарияны сойылмен сабады

7 Ақпан 2022, 12:40
1664
Бөлісу:
Алматыда көлік жүргізуші аялдамада тұрған қарияны сойылмен сабады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде аялдамада тұрған қарияға жас жігіттің қол көтергені туралы видео тарады. 

Кадрдан алматы көшелерінің бірінде жас жігіт көлігінен шығып, қолындағы сойылмен аялдамада тұрған егде жастағы адамды балағаттап, ұрып жатқанын көруге болады. Кейін ол көлігіне отырып, оқиға орнынан кетіп қалады.

Басылымның жазуына қарағанда, жүргізуші қарт адамның жол бойында келе жатқанына ашуланған.

Желі қолданушылары жүргізушіні тауып, тез арада жазалау қажеттігін жазып жатыр.

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов аталған жайтқа қатысты жауап берді.

Кеше, 2022 жылғы 6 қаңтарда БАҚ-қа және әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Алматы қалалық ПД-нің Тергеу басқармасы аталған дерек бойынша процессуалдық тексеруді бастады. Жазаның бұлтартпас қағидатын жүзеге асыра отырып, Тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қаласы Криминалдық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел қолдауымен қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Тексеру мен оның нәтижелері Алматы ПД-нің бақылауына алынды. Құқық бұзушыға қатысты қолданылған шаралар жайлы қосымша баяндаймыз,-деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
 

Өзгелердің жаңалығы