Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды

6 Қараша 2022, 08:58
1100
Бөлісу:
Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды

Алматыда көлік ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оларды Наурызбай ауданының полицейлері мен қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.

Алматы облысының екі тұрғыны төрт көлік ұрлаған.

Олар негізінен ВАЗ көліктерін ұрлаған. Қылмысты жаңа тұрғын үйдің бірінің жанында жасаған: олар көліктің дабылының жоғын тексерді, құлыпты ашып, кейін көліктерді фазендаға апарған. 3 көлік айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына қосылды. Күдіктілер бір көлікті сатып үлгерген. Ұсталғандардың екеуі де бұрын тонау және қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Олар бұл қылмысты жасағандарын мойындады, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.

Өзгелердің жаңалығы