Алматыда көлік апатынан бес адам қаза тапты

2 Сәуір 2023, 00:12
818
Бөлісу:
Алматыда көлік апатынан бес адам қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы–Көкбек–Көктал тасжолында жол-көлік апаты болып, бетпе-бет соқтығысу салдарынан бес адам мерт болды деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полиция ақпараты бойынша, 1 сәуірде 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігін тізгіндеген Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 196 шақырымында қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 1964 жылы туған Б. есімді азамат айдап келе жатқан Audi С4 көлігімен соқтығысқан.

Көлік апаты салдарынан Audi 100 жүргізушісі мен көлік ішіндегі 3 жолаушы, сондай-ақ Audi С4 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Түрлі жарақат алған төрт жолаушы Шонжы ауылындағы Аудандық орталық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл оқиға Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 345-бап, 4-тармақ бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы