Алматыда кең ауқымда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

20 Маусым 2020, 13:54
1800
Бөлісу:
Алматыда кең ауқымда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты 20-21 маусым күндері коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылады: Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;
Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысандары және фитнес орталықтар, 1 саябақ , 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;
Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1 саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.

инфек1.jpeg

Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт объектісі және фитнес орталықтар, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;
Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;
Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.
"Алматы Тазалық" МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жерасты және жерүсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізіліп жатыр.
Осынау барынша ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 70 техника бірлігі және 150 адам жұмылдырылған. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады,-делінген хабарламада.
инфек2.jpeg

 Сауда және қызмет көрсету орындарын дезинфекциялауды меншік иелері өздері жүргізеді. Дезинфекциялау жұмыстары 20-21 маусымда тағы сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

инфек3.jpeg


Өзгелердің жаңалығы