Алматыда көлік қозғалысын жүйелейтін портал іске қосылады

13 Сәуір 2020, 20:55
1358
Бөлісу:
Алматыда көлік қозғалысын жүйелейтін портал іске қосылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір карантин жағдайына қармасатан қалада көліктер нөпірі азаймай тұр. Бұған дейін кәсіпкерлер, мекемелер жұмыс істейтін жұмысшыларының жүріп-тұруы үшін рұқсаттар алған, алайда кейбір адамдардың мұндай рұқсатты негізсіз алғаны анықталып жатқан көрінеді.
Қаладағы қозғалыс пен транспорт бойынша біраз мәселе туындап отыр, сондықтан оны қазір жүйелендіріп жатырмыз. Осы себепті қазір арнайы портал жасалды, ертеңнен бастап іске қосылады және кәсіпкерлерден ашық түрде ұсыныстар қабылдайды. Бұл порталдың негізгі мақсаты деректер қорына ақпарат жинау. Бұған дейін Е полюс қосымшасы арқылы кәсіпкерлер өздерінің ұсыныстары арқылы қалада жүру рұқсатын алған еді. Дегенмен негізсіз адамдардың рұқсат алып отырғаны анықталды. Бұл бастапқыда Кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің берген ұсынысы арқылы жасалған еді. Сондықтан осы мәселені жүйелендіру бойынша шешім қабылданды, - дейді әкім орынбасары. 

С. Тұяқбаев бұл порталда әрбір кәсіпкер ешқандай адамның қатысуынсыз ЭЦП арқылы ұсыныс бере алатынын айтады. Ол жерде кәсіпкер өз жұмысшыларының және автокөліктердің тізімін ұсынады. 
Егер ол ақпарат рұқсат етілмеген салада болса портал оны өткізбейді. Бұл оның басты ерекшелігі және бәрі ешбір адамның қатысуынысыз жасалады. Егер кәсіпкер Мемлекеттік кірістер департаменті және басқа да мемлекеттік органдарға берген есептерінде көрсетілген қызметкерлерден саны көп болса оған шектеу қойылып, өткізбей қояды, - деді ол.

Сөз арасында ол бұл шараның барлығы коронавирустың халық арасына таралуына жол бермеу тұрғысында адамдардың жүрісін шектеуге бағытталғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы