Алматыда ірі есірткі зертханасын құрмақ болғандар ұсталды

30 Қаңтар 2023, 11:26
796
Бөлісу:
Алматыда ірі есірткі зертханасын құрмақ болғандар ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция Алматы облысында есірткінің ауқымды өндірісін ұйымдастыру әрекетін тоқтатты. Алматы облысының Іле ауданында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысының әріптестерімен бірлесіп есірткі зертханасын құрмақ болғандардың жолы кесілді. Межреченск кентінің маңындағы күдікті құрылыс полицейлердің назарын аударды, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, бәзбіреулер 1 гектар жерді тас қоршаумен қоршаған.

Бақылау барысында белгісіз біреулер 1 гектар жерді тас қоршаумен қоршап, ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін қажет емес жабдықтар әкеліп, трансформаторды электр желісіне қосқаны анықталды. Содан кейін 20 канистрді прекурсорлармен тасымалдау кезінде полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталғандардың айғақтары бойынша бұрынғы ферманың жер учаскесін олардың қосалқы қызметкері 18 млн. теңгеге сатып алған. Ұстау кезінде аумақ психоактивті заттарды синтездеуге толық дайындалған. Учаске биік қоршаумен қоршалып, көзден тасаланды, тұруға арналған уақытша бөлмесі, монша, гараж салынған. Күдіктілер сырт көзді алдау үшін мал ұстайтын орындар да жабдықтаған, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Сонымен қатар тікелей зертханаға арналған бөлме бөлек салынғаны белгілі болды.

Темір есіктің артында бірнеше бөлік бар, олардың әрқайсысы мәжбүрлі желдетумен және қуатты сүзгілермен жабдықталған. Дайын препаратты буландыруға арналған сөрелер орнатылды, жабдықтар әкелінді. Есірткі өндіру үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік жабдықтар мен 1000 литрден астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы