Алматыда халықты жұмыспен қамту бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр

16 Мамыр 2022, 14:27
1708
Бөлісу:
Алматыда халықты жұмыспен қамту бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жастар мен зейнет жасына дейінгі қала тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Атап айтқанда, «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» және тағы басқа жобалар. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтты.

Алматыда халықты жұмыспен қамту бойынша жүзеге асып жатқан жобалардың бірі «Ұрпақтар үндестігі» жобасы. Ол 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, жасы 29-дан аспаған білім беру ұйымдарының түлектеріне 6 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын ашады. Жалақыны Жұмыспен қамту орталығы төлейді (кемінде 30 АЕК немесе 91 980 теңге). 2022 жылы 59 адамды қамту жоспарланса, іс жүзінде 30 адам жіберілді.

Алматылықтардың аға буынына келетін болсақ, олар үшін «Күміс дәуір» жобасы бар. Ол зейнеткерлік жастағы жұмыссыздар үшін 12 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын құруды көздейді. Жалақының бір бөлігін Жұмыспен қамту орталығы өтейді. 2022 жылы 633 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, қазіргі уақытта жұмыс берушілер тізімі жасақталуда, - деді орталық директоры.

«Жұмыспен қамту орталығы өз жұмысында жұмыс берушілермен рекрутинг және мақсатты көзқарас қағидаты бойынша өзара байланыс орнатқан. Қаладағы 1037 кәсіпорын бос жұмыс орындарын жұмыспен қамту орталығы арқылы электронды еңбек биржасы арқылы орналастырады, оның ішінде 566 кәсіпорында тұрақты бос жұмыс орындары бар.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер электронды еңбек биржасында 5135 бос жұмыс орнына 1590 хабарландыру орналастырған. Жыл басынан бері 11894 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3566 азамат тұрақты жұмысқа, 8328 азамат уақытша жұмысқа орналастырылды. Квота бойынша жұмыс орындарына азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға көбірек көңіл бөлінеді: мүгедектер; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар; жетімдер; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, - деді Диляра Иманқұлова.

Сонымен қатар ол Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға құжаттарды қабылдайтынын, оның қаланың барлық аудандарында жүргізіліп жатқанын жеткізді. АӘК алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған адамдар қатыса алады. Жыл басынан бері 4140 отбасы, яғни 29 590 адам өтініш білдірген.
 

Өзгелердің жаңалығы