Алматыда эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылды

24 Шілде 2023, 07:25
1164
Бөлісу:
Алматыда эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылды
Фото: видеодан кадр

Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға сенбіде, 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға эвакуатор тас жолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.

Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді, Талғар облысының құтқарушыларына үлкен рақмет, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы