Алматыда екі қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

11 Наурыз 2024, 17:17
288
Бөлісу:
Алматыда екі қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Алматыда ЖШС "Sincere System Group" және "S-Group" қаржы пирамидасының қызметі туралы іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 23 ақпанда Алмалы ауданының соты Ж. Санаеваға, Т. Ковалевичке және Ф. Әйешке қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жәрдемдесу, нақтырақ айтқанда «Sincere System Group», «S-Group» ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру фактісі бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті.

Тергеу органы жоғарыда аталған адамдар, заңсыз материалдық баю үшін салымшыларды жаппай тарту қажеттігін сезіне отырып, «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы іске асырылып жатқан жалған инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратуды жүзеге асырып, халықтың басым көпшілігіне «S-Group» жобасының қызметі туралы жалған ақпарат бергенін және әлеуетті салымшыларды ақша қаражатын салу туралы үгіттегенін анықтады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жауабына сәйкес «Sincere System Group» ЖШС-да қаржы пирамидасы қызметінің белгілері бар. Компанияның қызметі, бағдарламаға қатысушының кірісін басқа қатысушыларды тарту арқылы салымдар есебінен қалыптастыруға, қатысушыларды иерархиялық құрылым бойынша тартуға, назар аудару мақсатында ауқымды жарнамаға бағдарлануға бағытталғанын ескере отырып, бұл қаржылық пирамида екенін аңғаруға болады. Баяндалғанды ескере отырып, ҚР азаматтарын жоғарыда аталған компаниямен кез келген қаржылық өзара іс-қимыл жасамауды ескертеміз, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Сонымен қатар іс материалдарында мемлекеттік шекара асқан, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Машуровқа (Украина азаматы), М.Н. Авазоваға және Р.Р. Тажбеновке қатысты іс бөлектелініп алынды. Осы адамдарға қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес «Sincere System Group» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ретінде В. Машуровтың, М. Авазованың, Р. Тәжбеновтың қатысы бар екені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы