Алматыда екі қабатты ғимаратта өрт шықты

14 Наурыз 2024, 22:31
332
Бөлісу:
Алматыда екі қабатты ғимаратта өрт шықты
Фото: Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Сағат 20:24-те Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі мекенжайына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына сағат 20:32-де жеткен кезде № 1 МӨСБ алғашқы бөлімшелері 2-қабатты ғимараттың 2-қабат терезесінен өрт шығып жатқаны анықталды.

Өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі жоқ. Аралас үй-жайларды сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ғимараттың отқа төзімділігі төмен санатына жататыны, қабырғалар мен төбе жабындарында жасырын бос орындардың болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты, - делінген хабарламада.

Өрт 21:43-те оқшауланды.

Өзгелердің жаңалығы