Алматыда екі автобус жол апатына түсті. Салдарынан бірнеше адам медициналық көмекке жүгінген.
Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:00-де Алматы қаласының Әуезов ауданында болған.
N15 бағыттағы автобустың жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесімен қиылыста солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған 66-бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Зардап шеккендер
Жол апаты салдарынан автобустың жолаушылары медициналық көмекке жүгінген.
Апаттың мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.