Ақтауда ер адам автобус жолын жауып, жанжал шығарды

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған азамат нейропсихиатриялық диспансерге жеткізілген.

 Скриншот Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
180
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желілерде ер адамның жолға шығып, жолаушылар автобусының өтуіне тосқауыл қойған сәті түсірілген бейне тарады. Оқиға 16 сәуір күні 1 және 1а шағын аудандар арасындағы автожолда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда ер адамның осы бағытта қатынайтын №12 маршруттық автобус жолын әдейі жауып тұрғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанжал барысында өтіп бара жатқан адамдардың бірі араласуға тырысқан. Алайда нақты төбелес сәті бейнежазбада тіркелмеген.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған азамат нейропсихиатриялық диспансерге жеткізілген. Оның арнайы есепте тұрғаны да хабарланды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Желі қолданушылары ер адамның әрекетін оның психикалық жағдайымен байланыстырып, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті бақылауды күшейту қажет екенін атап өтуде.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

Наверх