Орал тұрғыны көлікті эвакуатормен ұрлап кеткен

Күдікті автокөлікті арнайы техникамен тиеп әкеткені анықталды.

 instagram.com/policebqо Бүгiн 2026, 17:17
Бүгiн 2026, 17:17
223
Фото: instagram.com/policebqо

Орал қаласында полицейлер ерекше көлік ұрлау дерегін ашты. Жергілікті тұрғын бөтен автокөлікті эвакуатор шақырып алып кеткен.

Полиция мәліметінше, ер адам көпқабатты үй ауласында тұрған көлікті байқап, оның құлыпталмағанын түсінген. Ол көліктің ішіндегі заттарды алудың орнына, автокөліктің өзін ұрлауға шешім қабылдаған.

Алайда оның қолында көліктің кілті болмаған. Соған қарамастан күдікті күтпеген амал тапқан. Ол эвакуатор шақырып, автокөлікті қажетті мекенжайға апарып беруді сұраған.

Көлік арқанның көмегімен платформаға тиеліп, ауладан шығарылған. Кейін автокөлікті Орал қаласының маңынан патрульдік полиция қызметкерлері тапқан.

Белгілі болғандай, ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбалардың көмегімен тәртіп сақшылары көлікті алып кеткен эвакуатордың деректерін анықтап, кейін күдіктіге шыққан.

Полиция азаматтарға мүлік қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау қылмысқа себеп болуы мүмкін екенін ескертеді. Көлік иелеріне автокөліктің есігін үнемі құлыптап жүру, кілтті салонда қалдырмау және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалану ұсынылады, – деп ескертті полиция.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от policebqo (@policebqo)

Наверх