Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

27 Желтоқсан 2020, 12:10
2010
Бөлісу:
Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы дабыл 102 басқару пультіне түнгі сағат бірде келіп түскен. 

Қаланың жедел кезекшісі дереу жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге бағыттады. 

Полицейлерді дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның айтуынша, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, қарудан аспанға бір рет атып, ақша сұраған. Алайда, олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кеткен. Бірақ олардың екеуі жасырынып үлгермеді. «Буран-288» патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын бірден ұстады. Тінту барысында күдіктілердің бірінен пневматикалық тапанша анықталды және тәркіленді, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы