Алматыда демалыс күндері қандай жолдар жабық болады

18 Шілде 2020, 12:38
1452
Бөлісу:
Алматыда демалыс күндері қандай жолдар жабық болады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады. Бұл туралы Алматы ПД хабарлады.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің “Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы” қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуі, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда, бұғатталады, – деп хабарлады қала полициясы. 

Осыған орай, Алматы қаласының полициясы сіздерді бағыттарыңызды алдын-ала түзетіп, тауда шығуды оның ішінде жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы