Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

30 Маусым 2023, 16:33
529
Бөлісу:
Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

30 маусым күні Алматы қаласының Бостандық ауданында «BOSTANDYQ – CAREER DAY» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде қаланың 100-ге жуық ірі компаниясы қазіргі бос жұмыс орындарын ұсынатын болады. Бұл ретте шарада кәсіби бағдар беру мамандары мен бизнес-тренерлер жастарға мансап құру мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді, - деп хабарлады қала әкімдігінің Телеграм каналы.

Сонымен қатар, Жоғары оқу орындарының өкілдері ЖОО-ға түскісі келетіндерге жеке консультациялар жүргізеді. Өтетін күні: 30.06.2023 ж. 16.00-20.00 аралығында. Өтетін орны: «Атакент» сауда-көрме орталығы.

Өзгелердің жаңалығы