Алматыда автобуста жүретін қалта ұрысы ұсталды

30 Қыркүйек 2022, 08:24
1232
Бөлісу:
Алматыда автобуста жүретін қалта ұрысы ұсталды

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

А.есімді азамат қаланың қоғамдық көліктерінде ұрлық жасап жүрген.

Ол №25 бағыттағы қоғамдық көлікте жолаушының қалтасынан ұялы телефонын суырып алған. Ұстау барысында күдіктіден ұрланған мобильді құрылғы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Өзгелердің жаңалығы