Алматыда автобус өртеніп кетті

6 Қыркүйек 2022, 09:57
1028
Бөлісу:
Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда № 38 автобус өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады ведомстводан.

Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі.

 

Өзгелердің жаңалығы