Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды

15 Ақпан 2024, 12:23
629
Бөлісу:
Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды
Фото: автордан

Алматыда "Мәңгілік алау" мен "Ауғанстан және басқа елдер аумағында әскери іс-қимыл кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер" ескеркеткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін, 15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толды. 

Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды

Ауған соғысының ардагерлерін осындай атаулы күнмен құттықтағым келеді. Мен Ауғанстанда көп жыл қызметте болдым. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін тағы 4 жыл қалдым. Бірақ біздің сол кездегі билік тарап, біз соғысқан қарсыластарымыз серіктестерімізге айналған кезде, олардың шынайы жауымыз емес екенін түсіндік. Біз геосаяси тартыстың құрбандары болдық. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін Ауғанстанда азаматтық соғыс басталды. Одан кейін АҚШ әскері 20 жыл болса да, бейбітшілік әкеле алмады. Менің айтқым келгені, қарудың күшімен билікке келіп, халықты бақытты етемін деу қашан да сәтсіздікке ұшырайды. Ауған соғысында алған тәжірибемізді дұрыс пайдалануға шақырамын, - деді генерал-майор Өміртай Бітімов.

Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды

28 панфиловшылар саябағында гүл шоқтарын қою рәсіміне қала әкімшілігінің өкілдері, ауған соғысының ардагерлері мен олардың туған-туыстары, Қазақстанның қарулы күштерінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты.

Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды
Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды
Алматыда Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды
Өзгелердің жаңалығы