«ASHYQ»: Алматыда 1 аптада «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 116 келуші анықталған

27 Сәуір 2021, 16:50
1424
Бөлісу:
«ASHYQ»: Алматыда 1 аптада «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 116 келуші анықталған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг кезінде айтты.

Жиын барысында ол аталған жобаны іске асыру барысында ол өзінің тиімділігін дәлелдеп, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге қатаң шектеу шараларын қолданбай жұмыс істеуге мүмкіндік беріп жатқанын айтты. Сонымен қатар келушілерді коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорғауға көмектесіп жатқан көрінеді.

Өздеріңіз білетіндей, пилоттық жобаға қатысушыларға эпидемиологиялық жағдайдың төмен тұрған аймағының жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Мысалы «қызыл» аймақта пилоттық жобаға қатысатын бизнес объектілері «сары» аймақ критерийлері бойынша, «сары» аймақта «жасыл» аймақ критерийлері бойынша жұмыс істейді, - деді ол.

27 сәуірдегі жағдай бойынша «ASHYQ» қосымшасын 402 256 қолданушы пайдаланып жатыр, 19 сәуірдегі нәтижелермен салыстырғанда, яғни бір апта ішінде қосымшаны пайдаланушылар саны 167 256 көбейген.

12 сәуірден бастап республика бойынша 849 мәртебесі «қызыл» келуші, 419 мәртебесі «сары» келуші осы қосымша арқылы анықталды. Бұл 19 сәуірдегі нәтижелермен салыстырғанда 574 келушіге көп. Соңғы бір апта ішінде Алматы қаласы бойынша «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 116 келуші анықталды, - деді Қошмамбетов.

26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «қызыл» мәртебемен – 25 келуші, «сары» мәртебемен – 54 келуші, Алматы қаласы бойынша «қызыл» мәртебемен – 9 келуші, «сары» мәртебемен – 8 келуші анықталған.

Бұған дейін Бекшин науқастар санының артуы болжамға сәйкес келіп отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы