Науқастар санының артуы болжамға сәйкес келіп отыр – Бекшин

27 Сәуір 2021, 16:40
2066
Бөлісу:
Науқастар санының артуы болжамға сәйкес келіп отыр – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады.

Эпидемия басталғалы Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 51 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ал биыл қаңтар айынан бастап 24 сәуірге дейін 33 230 оқиға тіркеліпті. Жыл басынан бері вирусты жұқтыру 1,8 есеге артқан. Соңғы тәулікте қалада вирус жұқтырудың 689 жағдайы тіркелген.

Осы жылдың сәуір айында аурушаңдық болжамды түрде өсуін жалғастыруда. Эпидемияның даму серпіні 3-аптадағы писсемистік болжамға сәйкес келеді. Болжам бойынша 14 483 жағдай көзделген, ал сәуірдің алғашқы үш аптасында вирус жұқтырған 13 397 оқиғасы тіркелді. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай қазір күрделі. Сол себепті шектеу шараларын жұмсартқан жоқпыз, - деді Бекшин.

Сонымен қатар ол вирустың қазіргі даму динамикасында симптомы бар науқастар санының көбейгенін мәлімдеді.

Мәселен биылғы қаңтар айында симптоммен тіркелген науқастардың үлесі 73% болса, бүгінгі таңда ол 90%-ға жеткен. Бұл аурудың неғұрлым агрессивті қоздырғышының болуын растайды. Оған қоса вирустың мутацияланған штамдары пайда болуы себепті науқастар саны артып отыр. Оның ерекшелігі сол жастарға да қатты әсер етіп жатыр. Әсіресе бір жасқа дейінгі нәрестелер сырқаттануда, олардың аурушаңдығы 2 пайызға дейін өсті. Ал 14 жасқа дейінгілердің сырқаттануы 11 пайызға дейін өсті. Жалпы ең көп ауырып жатқан 20-39 жас аралығындағы азаматтар, олардың үлесі - 36%, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы