Алматылықтардың жол апатына қай күні жиі ұшырайтыны анықталды

22 Тамыз 2020, 17:05
1708
Бөлісу:
Алматылықтардың жол апатына қай күні жиі ұшырайтыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы қай күндері апаттар жиі орын алатындығын айтты, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

66174563-88ad-4d25-82a1-70aafb4bea3d.jpeg

Жыл басынан бері Алматы қаласында жарақаттанған адамдары бар 1 мың 446 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 46 адам қайтыс болды. Тағы 1 мың 718 адам жарақат алды. 

Жүргізушілердің кінәсі салдарынан 1 мың 478 жол-көлік оқиғасы орын алып, 46 адам қайтыс болды.1 мың 709 адам жарақат алды. Балалардың қатысуымен 254 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төрт бала қайтыс болды. 281-і жарақат алды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал еткен негізгі себептер: 

– маневр жүргізу ережелерін бұзу – 489, 13 адам қаза тауып, 566 адам жарақат алды; 

– қозғалыс жылдамдығын бұзу – 452, 24 адам қайтыс болды, 511 адам жарақат алды; 

– реттелмеген қиылыста жүргізу ережелерін бұзу – 63, қайтыс болғандар – бір, жараланғандар – 72; 

– қарама-қарсы бағыттағы көлік жолына шығып кету – 10, қаза тапқандар – бір, жараланғандар -23. 

Жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: 

– жанама соқтығысу – 307, қаза тапқан – бес, зардап шеккендер – 406; 

– жолай соқтығысу – 222, қаза тапқандар – алты, жараланғандар – 312; 

– жаяу жүргіншіні қағу – 639, 20 адам қаза тапты, 640 адам жарақат алды; 

– кедергіні қағу – 81, қаза тапқандар – тоғыз, жарақаттанғандар – сегіз;


Өзгелердің жаңалығы