Алматы қаласы Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінде «Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсенділік танытуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аналар отбасымен келіп, азаматтық борыштарын өтеп, жастарға үлгі болуда. Олар референдумның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, баршаны дауыс беруге шақырды.
Бірлестік өкілдерінің қатысуы сайлау процесінің қоғамдық маңызын арттыра түсуде.