Алматыда әкімдік кәсіпкерді заңсыз тексерген

18 Қаңтар 2024, 20:49
502
Бөлісу:
Алматыда әкімдік кәсіпкерді заңсыз тексерген
Фото: Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен

Әкімдік стационарлық емес сауда объектілеріне негізсіз мониторинг жүргізген. Бұл туралы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне «Бизнеске жол» жобасы аясында Әуезов ауданы әкімі аппараты тарапынан заңсыз әрекеттер фактісі бойынша кәсіпкер жүгінген.

Аудан әкімдігінің қызметкері стационарлық емес сауда объектілеріне барып, негізсіз мониторинг жүргізіп, мониторинг барысында кәсіпкерден жалдау мерзімі өткен жер учаскесін босатуды талап етті. Талаптарды орындамаған жағдайда, жылумен жабдықтаушы ұйымның қызметкеріне сауда объектісін электрмен жабдықтауды өшіруді талап етті. Аталған факт бойынша сауда объектілеріне барып тексеру іс-шараларын жүргізу және жылумен жабдықтаушы ұйымның қызметкеріне тапсырмалар беру жөніндегі өкілеттіктер әкімдік қызметкерінің лауазымдық функцияларына кірмейтіні анықталды, – деп хабарлады Алматы қаласының СЖҚҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу және құзыретті органдарға сұрау салулар арқылы ғана мониторинг жүргізу туралы, сондай-ақ ЭЖА мамандарын тарта отырып, кәсіпкерлік объектілеріне бару практикасын тоқтату туралы ұсынымдар енгізгенін мәлімдеді.

Лауазымдық нұсқаулықтарды тиісінше орындамағаны үшін әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін болдармау мақсатында қала әкімдігімен ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы Қаулыға қол қойылады, – делінген департамент хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы